Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті Алматы прокуратурасымен бірлесіп, Қытайдан халық тұтынатын тауарлардың аса ірі көлемде экономикалық контрабандасы дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу Group of the Companies TDA ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық кодекстің 234-бабы, 2-бөлігінде, 1, 4 және 5-тармақтарында көзделген экономикалық контрабанда дерегі бойынша тіркелді.
"Фирманың барлық операциялық жұмыстарын осы ЖШС директоры атқарды. ҚХР-дан заңсыз өткізілген тауарлардың жалпы құны 585 миллион теңгеден асты. Бюджетке кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге жататын сома-125 миллион теңге", - деп мәлімдеді агенттік.
Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты ЖШС директорына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.