15.04.2024, 12:44
Оқылды: 54

Қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекет тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы және сеніміне ерекше басымдық беріледі. Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттері көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне және шешімдеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. 

ЖП, әкімдік

Биыл көрсетілетін қызметті алушы азаматша А. медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу мемлекеттiк көрсетілетін қызметіне қатысты шағым түсіріп, медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу қағидасының талаптары бұзылғандығы туралы баяндаған.

Көрсетілетін қызметті беруші Еңбек және әлеуметтік қорғау органдары болып шықты.

Осы орайда, Агенттіктің облыс бойынша департаментімен қабылдаған шаралардың негізінде көрсетілетін қызметті алушыға медициналық-әлеуметтік сараптама қайта ресімделіп, оның  бұзылған құқықтары толық қалпына келтірілді. Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале