ҚР МҚІА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті азаматтың шағымы негізінде тексеру жүргізіп, нәтижесінде сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелерінде мемлекеттік қызмет көрсетуде қызмет тәртібін бұзу фактісін анықтады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті хабарлады.
Сурет: pixabay.com
Енгізілген нұсқама негізінде сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелерінде қызмет берушілермен тиісті жұмыс атқарылды.
Сондай-ақ қызмет алушының құқығы қорғалды. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.