4.11.2024, 12:15
Оқылды: 132

«Қызмет көрсету сапасын жақсартудың негізі – мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзуды жою» – департамент

ded8c4f9-432c-4e0e-b9d1-2aeb061612fc

«Департамент жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда осы жылдың өткен кезеңінде осы қызметтерді ұсыну тәртібін бұзу жағдайларының саны өскені байқалады. Бұл жағдай аталған мәселенің өзектілігі мен одан әрі назар аударуды қажет ететінін көрсетеді.

Биыл бақылау іс-шаралары барысында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзудың 931 фактісі анықталды. Бұзушылықтардың ең көбі жер қатынастары саласында байқалды», - деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.

Тіркелген заң бұзушылықтар заңнамадағы кемшіліктер, қызметкерлердің кәсіби деңгейінің жеткіліксіздігі, қызмет көрсету процестерінің ашық болмауы себебінен болған.

Аталған факторлар мемлекеттік қызметшілердің міндеттерін тиімді орындауын едәуір қиындатады және көрсетілетін қызметтердің сапасына теріс әсер етеді.

«Департамент жұмысының маңызды нәтижесі мемлекеттік қызмет көрсету процесінде 18 қызмет алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтіру болды. Мәселен, қызмет алушылардың жер телімін алуға берген өтінішін жергілікті атқарушы органдар уақтылы тіркемей, әуре-сарсаңға салған. Департаменттің араласуынан кейін өтініштер тіркеліп, тиісті шешімдер қабылданған. Бұл мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау мен жақсартуды жалғастыру қажеттігін көрсетеді. Мәселені шешу үшін қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру, қызмет көрсету процестерін жеңілдету және ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет. Осы қадамдар бұзушылықтар санын азайтып қана қоймай, халықтың мемлекеттік органдарға деген жалпы сенімін арттыруға көмектеседі», - делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале