8.06.2022, 15:13
Оқылды: 58

Қызметте қаза тапқан және мүгедек болғандардың отбасына ай сайын төлем төленетін болды

Мәжіліс отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымға шығарылды. Құжатта күш құрылымдарының қаза тапқан қызметкерлерінің балалары мен туыстары үшін бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған. 

ұлыс

«Халқымыз «өлі разы болмай, тірі байымайды» дейді. Мемлекет қызметін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасына ерекше қамқорлық жасауы тиіс. Қаңтар айының қатал күндерінде нақ солар біздің Тәуелсіздігімізді сақтап қалды. Халықтың қауіпсіздігі үшін өз өмірі мен денсаулығын құрбан етуге батылдық пен дайындығын көрсетті. Еліміз олардың алдында қарыздар деп санаймыз. Бұл туралы Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өткен болатын», - деді Мәжіліс депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Гүлнар Бижанова.

Депутат қызметін орындау кезінде қаза тапқандардың отбасы, балалары және жақын туыстары назардан тыс қалмауы керегін айтты. Сондықтан барлық күштік құрылымдардың қаза тапқан қызметкерлерінің балалары мен туыстары үшін бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер бойынша түзетулер қолдау тапты.

«Біріншісі – қызметін орындау кезінде қайтыс болған қызметкердің отбасына ай сайынғы төлемдер қайтыс болған қызметкердің ақшалай қаражаты негізінде төленеді. Мұндай төлемдерді ауыр жарақат алуына байланысты органдарда қызметін жалғастыра алмайтын қызметкерлер де алатын болады. Бұл өтініштерді биылғы ақпан айында Алматыға сапарымыз кезінде қаңтар айындағы шайқастарда жараланған құқық қорғау органдары қызметкерлері айтты», - деді Г. Бижанова.

Екіншісі – қаза тапқан және мүгедек болған қызметкерлердің балаларына арналған мемлекеттік гранттар. Олар еліміздің кез келген жоғары оқу орнында тегін жоғары білім ала алады.

«Үшіншісі – қызметкердің өз міндеттерін орындау және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде мүлкіне келтірілген залалды өтеудің қосымша шаралары бойынша түзетулер қолдау тапты. Бұл адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің азаматтар алдындағы әлеуметтік жауапкершілігінің бір бөлігі деп ойлаймыз», - деді депутат.

ulysmedia.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале