22.02.2021, 18:19
Оқылды: 34

«Қызыл әтешке» жол берме

Ақпанның 18-і  күні БҚО төтенше жағдайлар департаменті биылғы жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбында кезекті брифингін өткізді.

07D83833-7EA3-4D0E-882B-FE23E0E4CEA7

Осы аралықта облыс аумағында 163 өрт оқиғасы тіркелген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға азайған. Өрт салдарынан алты адам ажал құшқан, жеті  адам түрлі дене жарақатын алған (былтыр тоғыз адам көз жұмған). Жалынның шығу себептері дәстүрлі, яғни өрт қауіпсіздігіне салғырт қараудан туындаған. «Күні бүгін өрттің алдын алу бағытында түсіндіру жұмысын әлеуметтік желілер, БАҚ арқылы белсенді жүргізудеміз, аулаларды аралаудамыз. Жаңадан қолға алған жобамыз да бар. Ол жергілікті атқарушы құрылымдармен бірлесіп, үкіметтік емес ұйымдарға грант беру арқылы халықтың аз қамтылған топтарына көмек көрсету. Нақты айтқанда, осы грант қаржысына үйлердегі электр желілерін тексеру, жөндеу шаралары жүргізіледі. Күні бүгін 489 үйге улы газды анықтайтын құрал (датчик) қойылды», – деді БҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Мереке Жұмағалиев.

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале