30.01.2025, 23:00
Оқылды: 216

Қызылордада 21 жастағы жігіт пен 15 жастағы қыздың некесін қиған имамға сөгіс жарияланды

Қызылорда облысында 15 жастағы қыз бен 21 жастағы жігіттің некесін қиған имам жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

0

Фото: muftyat.kz

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, өткен жылы бұған байланысты қылмыстық іс қозғалып, сот үкімімен жігіт 12 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Ата-аналарының рұқсатымен отау көтерген жұптың некесін имам қиған.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша бас имамы Дастан Құрманбаев бұған қатысты түсініктеме берді.

- Бұл жағдайды ақтауға болмайды. Имам еліміздің заңын да, Қазақстандағы барлық дін қызметкеріне міндетті жарғыны да бұзды. Оған сөгіс жарияланды. Алдағы уақытта ол тарапынан қандай да бір заңбұзушылық болса, имам діни қызметтен шеттетіледі, – деді Дастан Құрманбаев.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале