14.02.2024, 9:45
Оқылды: 60

Қызылша: БҚО-да эпидемиологиялық жағдай күрделі

Облысымызда эпидемиологиялық жағдай күрделі. 12 ақпандағы мәліметке сүйенсек, 255 адамның қызылша жұқтырғаны белгілі болды. (100 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 36,7, республикалық көрсеткіш 61,6).

арыспаев

Фото: өңірлік коммуникациялар қызметінен

Оралда - 198, Бөрліде - 17, Бәйтеректе - 14, Теректіде - 12, Ақжайық және Казталовта - 4, Сырымда - 3, Шыңғырлауда, Жәнібек, Бөкей орда ауданында бір адам жұқтырған.

Жасына байланысты:

- 1 жастан 4 жасқа дейін – 38%,

- 1 жасқа дейін – 20%,

- 30 жастан асқандар – 18%,

- 5 жастан 9 жасқа дейін – 9%,

- 20-29 жас – 6%,

- 15-19 жас – 5%,

- 10-14 жас – 4,7%.

Ауырғандардың арасынан 89,3% қызылшаға қарсы екпе алмағандығы анықталды (медициналық қарама – екпеден бас тартқандар 34,1%, қарсы көрсеткіштер себебінен 16,6%, екпе жасына жетпеген балалар  15,6%).

Бүгінгі күні 12 нысан медициналық бақылауда тұр. Оның ішінде алты мектеп, үш мектепке дейінгі ұйым бар.

Барлық ошақта эпидемияға қарсы шаралар кешені жүргізіледі. Ошақтарда 21 күн ішінде байланыста болғандарға медициналық бақылау жүргізіледі.

Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша қарым-қатынаста болған 389 адам екпе алды.

М.Арыспаев, 

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале