22.12.2023, 10:30
Оқылды: 74

Қызылшаға қарсы 600 мыңнан астам адам екпе алды

Елімізде қызылшаның таралуына қарсы тиімді күрес мақсатында халықты қосымша жаппай иммундау шеңберінде вакцинациялауға жататын 1,5 миллион адамның 608 мыңнан астамы вакцина алды, деп хабарлайды zhaikpress.kz денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметіне сүйенсек, күн сайын 30 мыңнан астам адам вакцинация алады.

3bb645b130ed22107b0ffc228d25e368_1280x720

Фото: gov.kz

Қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бірқатар шараны жүзеге асырып жатыр.

Мәселен, қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау жалғасып жатыр. Жыл сайын 1 және 6 жастағы 700 мыңға жуық бала егіледі (ДДҰ ұсынған кемінде 87,1% кезінде 1 жастағы балалардың 94,1%-ы және 6 жастағы балалардың 93,4%-ы қамтылды).

Сонымен қатар эпидемиялық көрсеткіш бойынша вакцинациялау жүргізіліп жатыр. Бұрын вакцинациялауды өткізіп алған және одан бас тартқан 133,3 мыңнан астам адамға екпе салынған.

Жүзеге асқан шаралар нәтижесінде еліміздің көптеген өңірінде қосымша иммундаудың оң динамикасы байқалып отыр.

Мәселен, Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан, Абай, Ұлытау облыстарында соңғы аптада қызылшадан қорғау мақсатында өз балаларын вакцинациялауда халықтың белсенділігі артқан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале