14.11.2022, 14:47
Оқылды: 29

"Лаңкестік шабуыл": Ыстамбұлда жарылыс ұйымдастырған күдікті ұсталды

Ыстамбұл орталығындағы Истикляль көшесінде жарылыс ұйымдастырған күдікті ұсталды. Бұл туралы Түркияның Ішкі істер министрлігі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

skynews-istanbul-explosion_5965644-960x500

«Жексенбі күні Ыстамбұлдағы Истикляль көшесінде жарылысқа себеп болып, бомба қалдырған күдікті тұтқындалды», - деп хабарлады Түркия Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу.

Түркия вице-президенті Фуат Октай бұл оқиғаны лаңкестік әрекет деп санайтынын айтты.

"Біз мұны террористік акт деп санаймыз. (...) Бомбаны қаскүнем әйел жарып жіберді деп есептейміз - деп қосты Октай.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале