Кәсіпкерлер бұл жағдайда жасырын жұмыс істейтін балабақшалар көбейетінін айтады.
Алматыда үздіксіз білім беру қауымдастығының өкілдері жекеменшік балабақшалар қызметін лицензиялауға қарсы. Олар лицензияны міндеттеуден кейін жеке балабақшалар жаппай жабылуы мүмкін деп санайды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы
Себебі, коттедждерді жалға алып балабақша ашқан кәсіпкерлер лицензиялау енгізілсе, істің бәрін басынан бастауға мәжбүр болады. Ол үшін қыруар қаржы қажет. Кәсіпкерлер бар іске лицензия алу – бизнесті басынан бастаумен бір екенін айтады. Яғни, жекеменшік балабақша иелерінің кәсібін дөңгелетуге онсыз да рұқсаты бар. Айтуынша, басым бөлігінде жұмыс істеуге қажетті жағдай жасалған. Қауіпсіздік, санитарлық талаптар сақталған. Бірақ, кейбір мектепке дейінгі білім беру орталықтарында заңбұзушылықтар болды екен деп бәрін бірдей міндеттеу – адам құқығын таптау деп отыр.
"Бала құқығын таптау, қол көтеру секілді деректердің 1,2 пайызы мемлекеттік мекемелерде, ал 0,2 пайызы жекеменшік балабақшаларда болған екен", – дейді кәсіпкер Маржан Ахмеджанова.
informburo.kz
Фото massaget.kz сайтынан