Халық ұлттық валюта бағамының бұлай құлдилауы Түркиядағы негізгі азық-түлік тауарлары бағасының бұрын-соңды болмаған өсіміне әкеліп соқтыруы мүмкін деп қорқады. Әлеуметтік желілерде арзан нан үшін ұзын-сонар кезектегі адамдардың жарияланған видеосы көбейіп келеді, арзан нан бағасын қала билігі субсидиялайды.
"Халықтық нан" (halk ekmek) көше сөрелерінде 1,25 лираға сатылып жатыр, ал қарапайым дүкендерде нан әлдеқайда қымбат (2,5-3,5 лира).
Түрік ақшасы күннен күнге құнсызданып барады. Осы сәтті пайдаланып, елге туристер ағыла бастады. Олардың дені арзан тауар алуға келгендер. Мысалға ел іргесіндегі Болгария мен Грекиядан келгендер киім-кешек пен тұрмыстық техниканы молынан сатып алып жатыр. Олар тіпті Эдирне қаласына жету үшін 20 шақырым жерді жаяу жүріп өтеді, делінеді Хабар-24 ақпаратында.
Қазір Түркияның ұлттық валютасы 1 долларға шаққанда 16 лираға дейін құлдырады. Сол себепті бұл елге келгендер керегін арзанға оңай тауып алады. Тақауда Ыстамбұл биржасы саудасын тоқтатты. Ал елдің орталық банкі интер-венция жүргізгенмен, лираның құлдырауына тосқауыл қоя алмай отыр.
Дереккөз: zakon.kz