18.12.2021, 18:10
Оқылды: 107

Лира құнсызданып, арзан тауар алу үшін жұрт Түркияға лап қойды

Түрік лирасы тағы 7 пайызға құнсызданып, бір доллардың құны 15 лираға жетті. Қазір жергілікті халық әлеуметтік нан үшін дүкен алдында ұзын-сонар кезекте тұр, деп хабарлайды.

5bbcfefd3fed4de8a931bd2d2b71b187

Халық ұлттық валюта бағамының бұлай құлдилауы Түркиядағы негізгі азық-түлік тауарлары бағасының бұрын-соңды болмаған өсіміне әкеліп соқтыруы мүмкін деп қорқады. Әлеуметтік желілерде арзан нан үшін ұзын-сонар кезектегі адамдардың жарияланған видеосы көбейіп келеді, арзан нан бағасын қала билігі субсидиялайды.

"Халықтық нан" (halk ekmek) көше сөрелерінде 1,25 лираға сатылып жатыр, ал қарапайым дүкендерде нан әлдеқайда қымбат (2,5-3,5 лира).

Түрік ақшасы күннен күнге құнсызданып барады. Осы сәтті пайдаланып, елге туристер ағыла бастады. Олардың дені арзан тауар алуға келгендер. Мысалға ел іргесіндегі Болгария мен Грекиядан келгендер киім-кешек пен тұрмыстық техниканы молынан сатып алып жатыр. Олар тіпті Эдирне қаласына жету үшін 20 шақырым жерді жаяу жүріп өтеді, делінеді Хабар-24 ақпаратында.

Қазір Түркияның ұлттық валютасы 1 долларға шаққанда 16 лираға дейін құлдырады. Сол себепті бұл елге келгендер керегін арзанға оңай тауып алады. Тақауда Ыстамбұл биржасы саудасын тоқтатты. Ал елдің орталық банкі интер-венция жүргізгенмен, лираның құлдырауына тосқауыл қоя алмай отыр.

Дереккөз: zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале