13.02.2024, 9:00
Оқылды: 30

Лотерея қызметі қалай реттеледі? Вице-министр жауап берді

ҚР туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаевтың айтуынша, Қазақстанда лотерея 2016 жылы қабылданған «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заң арқылы реттеледі.

Бұл туралы вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде өткенде брифингте айтты.

ee2b4f28-dfa0-4ef6-83ea-a7b7effed801

Фото: me/ortcom_kz

«Заң бойынша жүлде қорының қаражатын ұтыстарды төлеуден басқа мақсатта пайдалануға тыйым салынады. Мұны білген жөн. Өйткені қоғамда лотерея операторы миллиардтаған долларды айналымға енгізіп, оның көп бөлігін өзіне алып қалады деген пікір қалыптасқан. Бұған тыйым салынады және заң бойынша қудаланады, лотерея операторының қызметі де тоқтатылуы мүмкін», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар М. Төлебаевтың айтуынша, қазір лотерея операторы кірістің 80%-дан астамын жүлде қорына жібереді, қалған 20%-ы оператордың кредиторлар, инвесторлар алдындағы барлық міндетті өтеу шығындары, әкімшілік шығындар, салық төлеу және екі қорға ақша аударғаннан кейін қалған табысы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале