БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген
7 Маусым 2023

БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады
7 Маусым 2023

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды
7 Маусым 2023

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді
7 Маусым 2023

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті
7 Маусым 2023

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады
7 Маусым 2023

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады

Мәдениет және спорт министрі Қазақстанның футбол құрамасын жеңісімен құттықтады

Қазақстан мен Дания құрамалары арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчта біздің футболшылар маңызды жеңіске жетті.

171ddc307d7aab60db92e39ca352ba33_1280x720

Фото: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Біздің жігіттер еуропалық ұтқыр ұжымды жеңді. Бахтиер Зайнутдинов, Асхат Тағыберген мен Абат Айымбетовтің соққан үш голы Қазақстан құрамасына аса маңызды үш ұпайды әкелді.

«Мен қазақстандық жанкүйерлерді және футболшыларды осы тамаша нәтижемен құттықтаймын, сондай-ақ құраманың жаттықтырушылар штабына жеке алғысымды білдіргім келеді.

Футбол - әлемде ғана емес, елімізде де ең танымал спорт түрі. Қазақстанда барлық жастағы миллиондаған адам футбол ойнайды, сондықтан халық осындай матчтарды асыға күтеді.

Алда әлі де көптеген мықты қарсыластар бар, бірақ іріктеу кезеңінің басталуын біздің жігіттер өз пайдасына жаза алады. Біздің құрамаға сәттілік тілеймін!», - деп жазды министр өзінің Фейсбук парақшасында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале