1.09.2023, 18:15
Оқылды: 202

Мәди Ғабдулов: «Жаңа жолдау – Жаңа Қазақстанның жаңа белесі»

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінің доценті Мәди Ғабдулов бүгінгі Президенттің Жолдауынан кейінгі ойымен бөлісті.

9A28B691-22B3-4208-8CE2-1AD0FD6C3E78

1 қыркүйекте еліміздің Парламенттері мен Үкіметінің бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жасады.

Осы Жолдаудың болатыны туралы хабарды естігеннен біз оны асыға күттік. Бұндай кезде жоғарғы билік әрекетінен әр қазақстандық өзгеріс әкелетін тың қадамдар күтеді. Мемлекет басшысы халық күткендей, ел экономикасындағы проблемалық мәселелерге тоқталып, олардан шығу жолдарына назар аударып, Үкіметке нақты тапсырмалар берді.

Қай уақытта да әрқайсысымыз Жолдаудың өзімізге қатысты тараптарына ерекше көңіл бөлетініміз анық. Осы ретте биылғы маңызды құжатта ауылшаруашылық саласының ерекше аталып өткені қуантады. Ауыл шаруашылығы саласында қордаланып қалған көптеген проблемаларға басымдық бере отырып, ерекше көңіл аударатын мәселе – саланың материалдық-техникалық базасын көтеру туралы сөз болды. Президент өз Жолдауында бүгінгі күні осы салада қолданыстағы машина-тракторлардың 80%-ның ескіргеніне көңіл аударып, жыл сайын кем дегенде 8-10%-ын жаңғыртып отыру қажеттігін атап өтті.

Білім, ғылым саласында қызмет атқарып жүрген біздерді тағы бір елең еткізгені  – ғылым саласының, оның ішінде аграрлық ғылым саласының ерекше аталуы. Сонымен қатар Президент егін шаруашылығын әртараптандыру және егістікке қажетті ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдарын ішкі нарықтан қамтамасыз етудің қажеттілігін ерекше атап өтті.

Биылғы жылғы жаңа Жолдау жаңа Қазақстан экономикасының дамуына тың серпін беріп, Қазақстан халқының әл-ауқатының жақсаруына септігін тигізеді деген зор үмітпен қараймыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале