30.04.2024, 12:05
Оқылды: 202

Мадрид турнирінің ширек финалында Путинцева мен Рыбакина ойнайды

"Юлия Путинцева Мадрид WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты", - деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

madrid_turnirinin_sh_1714458710

Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен шеберлік таластырды.

Қос теннисші осыған дейін өзара бір рет кездесіп, онда ресейлік спортшы жеңген еді.

Бұл жолы Путинцева ойынды тамаша бастап, 3:0 есебімен алға шыққанымен, сосын алты геймді қарсыласына беріп қойды – 6:3.

Есесіне екінші сетте есе қайырды – 6:2.

Үшінші, шешуші партияда есеп 3:2 болған мезетте аса тартысты геймде Юлия брейк жасай алды. Сосын матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.

Юлия Путинцева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 4-ракеткасы, отандасы Елена Рыбакинамен сынға түседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале