3.05.2023, 10:15
Оқылды: 46

«Маған бәрібір, Аллаһқа қайтты» – Ақтауда 3 баласын пышақтап өлтірген күдіктінің әйелі

Ақтауда полиция 3 баласын өлтірді деген күдікпен ұсталған 36 жастағы ер адамның әйелі пікір білдірді. Күдікті Жәнібек Есенов Сириядан «Жусан» операциясы арқылы елге оралған. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Koremiz бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

mag-an-b-ribir-allahk-a-k-aytty-ak-tauda-3-balasyn-pyshak-tap-oltirgen-kudiktinin-yeli_1683083495

Фото коллаж: Aikyn.kz

Ерлі-зайыпты былтыр ажырасып кеткен.

Полицейлер күдікті «Жусанмен» келген. Атырауда «БРТ» болып тіркеуде тұрған», – дейді.

Көршілері мен туыстары күдіктіні жат ағымның жетегінде кеткенін растап отыр.

«Олардың діни ұстанымы бөлек. Тұмшаланып жүреді», – дейді Жәнібектің туған жездесі.

Үш баласынан айырылған Айдана: «Мен ешкімнің алдында ақталмаймын. Намаз оқитыным рас. Бәрі бахабис дейді. Айта берсін... Маған бәрібір. Ешкімнің аузына қақпақ болмаймын. Өз ісіме жауап беремін. Болды. Балалар сол адамның себебінен Аллаһқа қайтты...», – дейді (әйелдің сөзі қаз-қалпында берілді – ред.).

Айдананың жездесінің айтуынша, барлығы «үш балаға алимент төле...» деген ұрыс-керістен басталған болуы мүмкін деген болжам айтады. Екеуі былтыр ажырасып кеткен.

Aikyn.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале