25.11.2021, 9:14
Оқылды: 46

Магистратураға 7 мыңға жуық өтініш берілді - БҒМ

Екінші қабылдау қорытындысы бойынша магистратураға 6 778 өтініш келіп түсті. Докторантурада оқу үшін 700-ден астам өтініш берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

211125003036733e

«Үміткерлер жылына екі рет магистратура мен докторантураға құжат тапсыра алады деген шешім қабылданған. Бұл жаңалықты қандай да бір себептерге байланысты алғашқы қабылдау науқанында өтініш беруге мүмкіндігі болмаған мыңдаған қазақстандық қуанышпен қарсы алды. Енді тестілеуді сәтті тапсырған 7 мыңға жуық үміткер жазғы қабылдау қорытындысы бойынша артық қалған гранттарды жеңіп алады», – деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Айта кетейік, магистратураға кешенді тестілеу және докторантураға түсу емтихандары 2-11 желтоқсан аралығында өткізіледі.

TOEFL ITP тестінің нәтижелерімен докторантураға түсушілер ағылшын тілін білуге арналған қосымша тест тапсырады. Ол емтиханын тапсырғанға дейін өткізіледі. Тест тапсырмасы жалпы 100 сұрақтан тұрады.

Ведомствоның мәліметінше, ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу «өтті» немесе «өткен жоқ» нысанында бағаланады. «Өтті» бағасын алу үшін кемінде 75 балл жинау керек. Ағылшын тілін білу деңгейін тексеру, кешенді тестілеу және қабылдау емтихандары өңірлік тестілеу орталықтарында жүргізіледі.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар 2021 жылғы 25 желтоқсанға дейін қабылданады. Бұл ретте магистратураға және докторантураға қысқы қабылдау 2021 жылғы 2-11 желтоқсан аралығында өткізілген тестілеу және түсу емтихандарының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Магистратура мен докторантураға қабылдау 2021 жылдың 26 желтоқсаны мен 2022 жылдың 10 қаңтары аралығында өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале