Франция президенті Эммануэль Макрон француз қарулы күштері ДАИШ ("Ислам мемлекеті" - Қазақстанда тыйым салынған лаңкестік ұйым) құрылымына кіретін "Үлкен Сахарадағы Ислам мемлекеті" жетекшісінің көзін жойғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Макрон "Үлкен Сахарадағы Ислам мемлекеті" тобы басшысының көзі жойылғанын Twitter-дегі парақшасында жазды.
"Француз әскерлері "Үлкен Сахарадағы Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының басшысы Аднан Абу Валид әл-Сахрауидің көзін жойды. Бұл – Сахельдегі террористік топтарға қарсы күресімізде болған тағы бір үлкен жетістік", – деп жазды Франция президенті.