16.09.2021, 10:54
Оқылды: 72

Макрон ДАИШ басшысының көзі жойылғанын хабарлады

Франция президенті Эммануэль Макрон француз қарулы күштері ДАИШ ("Ислам мемлекеті" - Қазақстанда тыйым салынған лаңкестік ұйым) құрылымына кіретін "Үлкен Сахарадағы Ислам мемлекеті" жетекшісінің көзін жойғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

photo_86981

Макрон "Үлкен Сахарадағы Ислам мемлекеті" тобы басшысының көзі жойылғанын Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Француз әскерлері "Үлкен Сахарадағы Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының басшысы Аднан Абу Валид әл-Сахрауидің көзін жойды. Бұл – Сахельдегі террористік топтарға қарсы күресімізде болған тағы бір үлкен жетістік", – деп жазды Франция президенті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале