21.11.2022, 16:15
Оқылды: 125

Мақсот Берген, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Кеше Қазақстанда өте маңызды саяси науқан кезектен тыс президент сайлауы өтті. Шетелдік бақылаушылар сайлауда ешқандай заң бұзушылық байқалмағандығын, ойдағыдай өткендігін айтты.

InShot_20221121_160618163

ҚР-ның конституциясы және сайлау туралы заңында көрсетілген заңдардың барлығы түгел сақталды. Тіпті шетелден келген бақылаушыларға еш кедергісіз сайлау процесін бақылауға жақсы мүмкіндік жасалған. Нәтижесінде Қасым-Жомарт Тоқаев ең көп дауыс жинады. Бұл - таза жеңіс. Мұндай көрсеткіш халықтың Қасым-Жомарт Кемелұлын мемлекет президенті ретінде таңдауының айқын дәлелі. Ол тек Қазақстанда емес әлемде үлкен беделге ие тұлға. Оның бірнеше шет тілін жетік білуі ұрпаққа үлгі. Ал сайлауалды бағдарламасында айтылған жоспарлары тек сөз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асады деп сенеміз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале