Былтырғы жыл мал өсірумен айналысатын өңір шаруалары үшін оңтайлы болмағаны жасырын емес. Әсіресе, облыстың оңтүстік аудандарында орналасқан шаруалар қуаңшылыққа тап болып, өзен-көлдерге су түспей, шабындықтары шөліркеп, мал азығын жинаудан қатты қиындық көрді. Осы жағдайларды қатаң бақылауда ұстап, қыс мезгілінен шығынсыз шығу мақсатында облыс әкімдігі жанынан өңір басшысының орынбасары Мұхтар Манкеевтің төрағалығымен облыстық штаб құрылған еді.
Жақында облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, мал қыстату жөніндегі облыстық штабтың мүшесі Лавр Хайретдиновпен бірге өңіріміздің оңтүстік аудандарында болып қайттық. Іссапар барысында Жаңақала, Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов аудандарында штаб отырыстары өткізіліп, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшыларының есебі тыңдалды. Жалпы, мал қыстағы бір қалыпты өткенімен, әр аудан шаруаларының өз түйткілі бар. Алдындағы төрт түлік малына қарайлаған ауылдағы ағайынның өзекті мәселелерін тарқатып көрелік.
Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №11 санынан оқи аласыздар.
Нұрбек Зәкәрияұлы,
zhaikpress.kz