19.12.2021, 14:40
Оқылды: 19

Малайзияда қатты су тасқыны болып, 11 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Малайзияның премьер-министрі Исмаил Сабри Якоб елдің бірқатар аудандарында көптеген адамдар өз үйлерінен шыға алмай, қамалып отырғанын айтты.

A65063A9-4A52-44A1-B7B8-86D85E636758

Көптеген адамдар өз үйлерінен шыға алмай қамалып отыр, ал кейбіреулері сегіз сағат бойы автобустан шыға алмауда. Мен өрт-құтқару қызметі департаментіне дереу көмек көрсетуді тапсырдым.

ТАСС мәліметінше, эвакуациялау орталықтарына жалпы саны 11 384 адам жіберілді, эвакуациялау шарасы 4500 отбасыны қамтыды.

Бірқатар аудандардағы су тасқыны соңғы 40 жылда тіркелген ең дүлейі болды. Ұлттық гидрографиялық орталық елдің батыс жағалауында қатты нөсер әрі дауыл соғатынын ескертті.

Дереккөз: zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале