21.12.2021, 17:10
Оқылды: 67

Малайзияда су тасқынынан 15 адам қаза тапты

Малайзияның батысындағы қатты су тасқынынан қаза тапқандар саны 15-ке жетті, 67 мыңға жуық адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы BERNAMA агенттігі хабарлады.

211221100156774e

Ең көп зардап шеккендер мен қираулар халық тығыз орналасқан Селангор штатында байқалды, адам өліміне әкелген ауыр шығындар Паханг штатында да тіркелді. Малайзия Премьер-Министрі Исмаил Сабри Якоб су тасқыны салдарынан қираған инфрақұрылым мен тұрғын үй қорын қалпына келтіруге 100 миллион ринггит (23,6 миллион доллар) бөлінетінін жариялады.

Сондай-ақ ол апат салдарынан зардап шеккен әрбір отбасы мың ринггит (236 доллар) көлемінде өтемақы алатынын айтты. Жергілікті метеорологиялық қызметтердің бағалауынша, Малайзияның батыс бөлігінде бір аптаға жуық жауған жауын соңғы 100 жылдағы ең ауыры болған.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале