Малайзияның бірнеше ауданында қатты су тасқыны болып, бес штаттағы 56159 адам эвакуацияланды. Бұған сейсенбі күні жариялаған үкімет дерегі дәлел болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
«Қатты зардап шеккен аудандар түбектің шығыс жағалауында орналасқан. Келантан штатынан 17326 зардап шегуші және Тренгану штатынан 37792 зардап шегуші су тасқыны кезінде көмек көрсету орталықтарына эвакуацияланды», - деп хабарлады Bernama мемлекеттік ақпарат агенттігі.
Билік бес адамның, соның ішінде 15 айлық баланың қаза тапқанын растады.
Зардап шеккен бірнеше аудандағы өзендерде су деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен.
Өрт сөндіру және құтқару департаментінің Өрт қауіпсіздігі бөлімінің директоры Ахмад Израм Османның айтуынша, оның командасы Тренганудағы су тасқыны жағдайы туралы нақты есеп алу үшін аэробақылау жүргізіп жатқанын және Келантанда дәл осындай бақылау жүргізетінін айтты.
Зардап шеккен басқа да штаттарда (Паханг, Джохор және Перак) бірнеше жүздеген адам эвакуацияланды.
Фото: bernama.com