3 қазанда Алматыда белгілі қазақстандық режиссер Азиз Заировты еске алуға арналған «Мама, я живая!» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтеді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттер: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фильм «Безграничные возможности!» кинотрилогиясының үшінші және соңғы бөлімі. Әлеуметтік драмада қызы лейкемияға ұшыраған кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор әйелдің өмірі баяндалады.
Кинокартина ананың шексіз махаббаты, баласының өмірі үшін күресі туралы.
Басты рөлдерде дарынды қазақстандық актерлер Султанна Шенгел, Адель Махмутова, Ілияс Оутов, Асланби Медеулов және Бақытжан Орынбасар ойнады. Сценарий авторлары – Азиз Заиров пен Мұхаммед Мамырбеков.
2022 жылы «Мама, я живая!» фильмі алғаш рет Канндағы әлемдік премьерада Cannes 7th Art Awards кинофестивалінде көрсетілді. Онда ол «Grand Prix of the Silk Road countries» ең жоғары марапатына ие болды. Сонымен қатар фильм басқа да халықаралық сыйлықтар мен жүлделі орындарды иеленді.
Азиз Заировтың өзі мүмкіндігі шектеулі адамдардың бірі болғандықтан, өмірін мүгедек балалар мен ересектерге көмектесуге арнаған. Оларды өз фильмдеріне түсуге жиі шақырған. Ол Қазақстанды әлемге таныта жүріп, көптеген адамдарға үлгі бола білді. Артында бай шығармашылық мұра қалдырды. Оның кинодағы еңбегі өзі өмірден өткеннен кейін де уақыт сынынан сүрінбей келеді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мен «Skif» студиясының қолдауымен түсірілген фильмді көрермендер 3 қазаннан бастап Алматы, Астана, Қарағанды, Талдықорған, Степногорск, Шымкент, Түркістан және Ақтау сияқты қалаларда тамшалай алады. Көрсетілім өтетін кинотеатрлар – «Kinopark», «Арман», «Chaplin» және «Cinemax».