19.11.2021, 11:31
Оқылды: 35

Маман музыканы құлаққаппен күніне қанша уақыт тыңдауға болатынын айтты

Медициналық сарапшы Полина Козлова музыканы құлаққаппен күніне жарты сағаттан көп тыңдаса, есту қабілеті нашарлайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Газете.Ru" басылымына сілтеме жасап.

news_full1637299799852187c727ba8dee07138db0fcb063f7 

Оның айтуынша, адамның есту аппараты 80-85 децибел дыбыс қабылдай алады. Ал құлаққаптағы дыбыс қарқындылығы 110 децибелге жетуі мүмкін. Ал бұл мотоцикл немесе рок-концерт шуымен тең көрінеді.

Маман мұндай дыбыстар есту аппаратынан миға импульс жіберетін жасушаларды зақымдайтынын айтады.

Егер құрылғы құлаққа тым терең орналастырылса, құлақ жарғағын зақымдау қаупі бар. Сонымен қатар күкірт тығындары пайда болуы мүмкін.

Дәрігердің айтуынша, мұндай жағдайда құлаққапты ұзақ пайдаланбаған жөн.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале