9.02.2024, 17:15
Оқылды: 19

IT-мамандықтарды тегін үйрететін бағдарламаға өтініш қабылдау басталды

Бағдарлама 16 мен 25 жас аралығындағы қыздарға арналған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 07af2cf9-2781-4dde-9b6e-ddc618d8454d

Фото: ortcom.kz

Tech girls бағдарламасының іске қосылғанын Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Азиза Шөжеева хабарлады.

- Бағдарламаның мақсаты – қыздардың цифрлық білімін арттыру, кодсыз және төмен кодты бағдарламалау негіздерін үйрету, оларды STEM-ге тарту. Сондай-ақ осы бағдарлама аясында қыздар мансапты жоспарлау, сұхбаттан өту және армандаған жұмысына тұру туралы білім алады, - деді ол.

Tech girls ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның, Astana Hub халықаралық технопаркі мен Techno Women қауымдастығының бастамасымен жүзеге асырылмақ.

Tech girls бағдарламасына өтініштер 2024 жылдың 7 ақпанынан 1 наурызына дейін осы сілтеме бойынша қабылданады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале