Жаңақала аудандық ауруханасының директоры Дәурен Кукеновтің ұйымдастыруымен, хирург Азамат Дияровтың жетекшілік етуімен жаңақалалық тұрғынға МӘМС есебінен жоспарлы ота жасалды. Бұл туралы Жаңақала аудандық ауруханасының баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: Жаңақала аудандық ауруханасының баспасөз қызметінен
Шағымдар мен аурудың тарихын, объективті, УЗИ тексерулерді және зертхананың мәліметтері бойынша өт тас ауруы диагнозы қойылған. Істлеген отаның түрі - лапаротомия, холецистэктомия.
Науқас жоспарлы операциялық емдеуге жатқызылып, отадан сәтті өтті.
Қазір науқас палатаға ауыстырылып, тұрақты емін қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты.
Ота жасаған құрамда хирург Оркен Адиетов, ассистент хирург Азамат Дияров, анестезиолог-реаниматолог Ахатжан Асанханов, анестезист Қожамберді Жумагелдин, операциялық мейірбике Гулбану Ерланова, санитарлық тазалықшы Күнсұлу Махметова бар.