25.05.2024, 9:00
Оқылды: 0

МӘМС жүйесі бойынша сауалдарға жауап берді 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына күн сайын медициналық көмек көрсету және МӘМС жүйесіне қатысу тәртібі туралы жүздеген сұрақтар келіп түседі» - дейді қордың Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры міндетін атқарушы Бақытжан Рамазанқызы.

IMG-20240524-WA0030Фото: Zakon.kz 

Сіздердің назарларыңызға жиі қойылатын сұрақтарды таңдап, солардың жауаптарын ұсынып отырмыз:

- Медициналық сақтандыру бойынша қандай клиникалар жұмыс істейтінін қайдан көре аламын? Мен өзім емделетін клиниканы таңдай аламын ба?

- ТМККК және МӘМС бойынша медициналық қызмет көрсететін медициналық ұйымдардың тізімімен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында танысуға болады. Әркімнің дәрігер мен емхананы еркін таңдауға құқығы бар. Тіркеу науқаны кезінде медициналық мекемені жылына бір рет еркін таңдау құқығы бойынша, сондай-ақ егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын, жұмыс істейтін немесе оқитын жерін ауыстырса, басқа елді мекенге көшсе немесе өзі жататын емхана қайта ұйымдастырылса ауыстыруға болады.

Сақтандыру мәртебесін қандай жолдармен тексеруге болады:

* Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы

* fms.kz ресми сайты

•Telegram-дағы @SaqtandyrýBot

* 1414 байланыс орталығы

* Damumed мобильді қосымшасы

* Halyk мобильді қосымшасы

* BCC.KZ мобильді қосымшасы

* Kaspi.kz мобильді қосымшасы

* egov.kz электрондық үкімет сайты – «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысутуралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі арқылы.

Егер науқастың сақтандыру мәртебесі болмаса, не істеу керек?

Қолжетімді жолдарды қолдана отырып, қарыздардың бар-жоқтығын және мерзімдерін тексеру керексіз.

Егер қарыз болсаңыз, оны төлеу немесе жою қажет, бірақ қарастыратын уақыт алдыңғы 12 айдан аспауы керек (мысалы осы жылдың қаңтар айынан келесі жылдың қаңтар айна дейін).

Сақтандыру мәртебесі 3 жұмыс күні ішінде беріледі.Егер адам жеке кәсіпкер болса немесе БЖТ төлеушісі болса, өзі төлесе, онда қарызды дербес төлеуші ретінде төлеуге болады.

Егер қарыз жеке кәсіпкерден (ЖК), шаруа қожалығының (ШҚ) иелерінен, жеке практикамен айналысатын адамдардан, қызметкерден немесе азаматтық -құқықтық келісімшарт бойынша жұмыс жасайтын адамнан анықталса, онда сіз төлемдердің мәртебесін тексеруіңіз керек. Жіберілген төлемдердің мәртебесі, ол қайтарылған болуы мүмкін, содан кейін сіз қарыз бен пайыздарды төлеуіңіз қажет.

Егер төлемдер қате түрде басқа мерзімге төленсе немесе төлем құжаттары дұрыс рәсімделмесе, сіз бұл кезеңдердегі ақшаны қайтара аласыз. Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-на өтініш жазу, қатенің себебін көрсету және өтінімге төлемді растайтын құжаттарды тіркеу қажет.

 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ БҚОФ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале