26.04.2023, 11:45
Оқылды: 133

Мамыр айында Орал әуежайынан 4 бағыт бойынша рейстер саны артады

Мамыр айында Орал қаласынан 8 бағыт бойынша тұрақты және чартерлік жолаушылар рейстері жоспарланған. Бұл бағыттар бойынша рейстерді бес авиакомпания орындайды.

аэро

Бірден үш авиакомпания Антальяға маусымдық рейстерді бастайды. Бұл Scat, Fly Arystan және Turkish Airlines. Scat әуекомпаниясы Шарм-эль-Шейхке тағы бір чартерлік рейсті бастайды деп күтіліп отыр.
Ішкі желілерде Астана, Алматы, Ақтау, Атырау және Түркістан қалаларына ұшатын рейстер ұсынылады.

Айта кетейік, Астана мен Алматыға рейстер күн сайын жүзеге асырылады. Мамыр айынан бастап Fly Arystan осы қалаларға қосымша ыңғайлы таңғы рейстерді бастайды.
Орал қаласынан ұшу үшін билеттер мен турларды авиакомпаниялар мен туроператорлардан қазірден бастап сатып алуға болады.

Айнагүл Сакпусунова,

Орал халықаралық әуежайының баспасөз қызметінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале