20.01.2023, 9:46
Оқылды: 3

Мәңгілік тақырыпқа диалог

«Үзілістің» бүгінгі құрметті қонағы – білім саласының қыр-сырын толық меңгеріп, мектеп мұғалімінен бастап, аудандық білім беру бөлімінің инспекторы, басшысының орынбасары, басшысы қызметтерін атқарып, ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру ісіне зор еңбек сіңірген, бүгінде Подстепный ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымындағы Жанаргүл Жеңісқызы Хұсаинова.

InShot_20230120_092838003
Дариға Ғазезқызы:
– Жанаргүл Жеңісқызы, қашанғы қарапайымдылығыңызбен осы «Диалогтан» қаншама қашқақтағаныңызбен, қалың оқырман-әріптестерімізді сыйлап, ақыры келісім бергеніңізге рақмет!
Қарап тұрсам, мұғалім мамандығын таңдаған адамның бүкілге жуық уақыты мектепте өтеді екен: оқушы болып табалдырық аттағаннан бастап, зейнетке шыққанға дейін. Әрине, бәрі бірдей емес, өмірдің жолында бұрылыс, қиылыстар болып тұрады. Өзім де еңбек жолымды мұғалім болып бастап, ортасында біраз да біраз басқа қызметтерге ауысып барып, соңында сол өз мамандығыммен табысып барып зейнетке шыққан екем...
Жанаргүл Жеңісқызы:
– Ойыңызды түсіндім, Дариға Ғазезқызы. Иә, таңдаған мамандығым – мұғалім. Тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы болып, 1993 жылы еңбек жолымды Алғабас негізгі мектебінен бастап, 1995 жылы тұрмыс жағдайымен Донецк ауылындағы негізгі мектепке ауысқанмын. Шағын ауыл, шағын мектеп. Шама-шарқымыз келгенше жұмысты үйіріп, оқушылармен қызыға жұмыс атқарып жүрдік. Оншақты жыл зулап өте шықты.
2003 жыл. Бір күні аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі Василий Алексеевич Каренских келіп, ұжыммен кездесті. Содан кейін мектепті асықпай аралап көруге қалыпты. Мен кабинетімде бір папкаларды қопарып, жүйеге келтіріп отырғанмын. Жылы жүзді басшы жаныма келіп, не істемегімді сұрады. Ойымды айтқан болдым. Орысша ғой енді... Кешікпей аудандық білім беру бөліміне инспекторлық қызметке ұсыныс-шақырту алдым. Ол кезде Теректі мен Ақжайық аудандары қосылып, орыстілді білім бөліміне екі тілді қатар білетін маман жетіспей, қиындық туып жатқан тұс-тұғын...
Басында барғым келмей, біраз тартыншақтадым. Тұрған жеріміз керемет, малға жайлы (керемет малсақпын мен) әрі қолымызда сол ауылға үйренген үлкен кісілеріміз – ата-енем бар... Бірақ үй-ішімізбен, жолдасыммен ақылдаса келе ұсынған қызметті қабыл алып, 2000 жылы аудан орталығына көшіп келдік.

Дариға Мұштанова,
«Үзіліс» арнайы бетінің қоғамдық редакторы,

«Парасат» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалінің,

«Ы. Алтынсарин» белгісінің иегері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР Мәдениет саласының үздігі

zhaikpress.kz

Мақаланың толық нұсқасын «Орал өңірі» газетінің 20 қаңтардағы №6 санынан оқи аласыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале