27.09.2026, 19:20
Оқылды: 51

Маңғыстаудағы оқу-жаттығу кезінде аман қалған әскери қызметшілер «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының Жарлығымен Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде орын алған жазатайым оқиғадан аман қалған 29011 әскери бөлімінің бір топ әскери қызметшісі әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

InShot_20260927_191357174

Фото: aqorda_resmi

Аталған мемлекеттік наградаға бұл сын сағатта өрлік пен табандылық танытқан матростар Бекет Бақтыбекұлы Қуандық пен Ақжол Тимурұлы Темірхан, сондай-ақ санитариялық нұсқаушы маманы Никита Александрович Удалов ие болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале