24.04.2024, 9:29
Оқылды: 59

Мария Дмитриенко Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды

"Бүгін стенд атудан Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан лицензиялық турнирде Ұлттық құрама спортшысы Мария Дмитриенко Олимпиада лицензиясына иелік етті", - деп хабарлайды ҚР туризм және спорт министрлігі.

7df2fbf0754a16962808d59d26c0c19c_1280x720

Фото: www.gov.kz

Ол трап жаттығуында финалға шықты. Ақтық сындағы 4 мергенде жолдама болғандықтан, қорытынды нәтижеге қарамастан финалға жеткен қалған 2 спортшы лицензияға қол жеткізді.

Мария осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысып, 8-орынға табан тіреген.

Былтыр Бакудағы әлем чемпионатында Мария аралас жұптық сында Даниил Почиваловпен бірге қола жүлдегер атанған.

Қазір Қазақстан қоржынында ойындардың 47 лицензиясы бар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале