30.09.2026, 16:45
Оқылды: 8

Марсельдер мықты!

Түркістан қаласында параспортшылар арасында байдарка және каноэ есуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.  Ел біріншілігінде Батыс Қазақстан облысының мүмкіндігі шектеулі  жандарға арналған спорт клубының  өкілдері  өңір  қоржынына  алтын және  күміс  медаль салды.

ап

Байрақты бәсекеде Марсель Құлбарақов VL3 санатында 200 метр қашықтыққа каноэ есуден барлық қарсыласынан озды. Осылайша, ол аталған спорт түрінен облыс тарихында тұңғыш Қазақстан чемпионы ретінде өңір пара спортының шежіресіне есімін жазды.

Бұл – спортшының ғана емес, өңірдегі пара каноэнің де жаңа белесі. Құлбарақовтың жеңісі өңірде пара-спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетеді.

Сол жарыста Марсель Ғұмаров KL3 санатында 200 метр қашықтыққа байдарка есуден күміс жүлдеге ие болды.

Қос спортшының жетістігі – табанды дайындық пен қажырлы еңбек жемісі. Олардың жеңісіне жаттықтырушылар Гүлнара Спанова, Елена Бровкова және Наталья Соколова зор үлес қосты.

Түгелбай Бисен,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале