9.08.2023, 16:00
Оқылды: 22

Мас күйінде көлік жүргізген тұрғын ұсталды

«Самара-Шымкент» тас жолының 403 шақырымында БҚО ПД-ның патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, 6 тамыз түнгі 3.00 шамасында «ВАЗ-2109» автокөлігін тоқтатады.

ЖП Полиция (2)

Тексеру барасында сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, 44 жаста ер адам көлікті «жеңіл дәрежедегі мас күйі жағдайында» басқарғаны анықталды.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның Сырым аудандық сотының үкімімен көлікті жүргізу құқығынан жеті жылға айырылғаны белгілі болды.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігіне сәйкес, ( Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале