2.07.2021, 11:54
Оқылды: 26

Мәселе сотқа дейін жетпей, шешімін тапты

Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының жанынан кәсіподақ мүшелеріне еңбек заңнамасы мәселелері бойынша ақысыз заңдық кеңес беру мақсатында «Заң клиникасы» кабинеті ашылған болатын.

A693DA62-05B3-4099-9266-66C00520EE22

Ағымдағы жылдың 24 маусым күні «Заң клиникасы» кабинетінде кәсіподақ заңгерлерінің, кәсіби медиатордың қатысуымен жұмысшы мен жұмыс беруші арасында туындаған шиеленісті мәселелерімен келген бір топ қызметкерлердің сұрақтары қаралды.

27FAD731-03B1-42F3-83E1-E5CF9AC62740

Бұл жолы кәсіподақ мүшелерінің еңбек қатынастарында орын алған мәселе: М.Өтемісов атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының мұғалімдері 2018 жылдың мамыр айында жаңа форматта біліктілікті арттырудан өтіп, «Педагог-сарапшы», «Педагог-зерттеуші» біліктілік санатына ие болады. Алайда, мұғалімдердің еңбекақылары тиісті санаттары бойынша төленбей келеді. Осы орайда, кәсіподақ мүшелері өздерінің құқықтарын қорғау үшін облыстық кәсіподақ орталығы жанындағы Заң клиникасының мамандарына жүгінді. Еске сала кетейік, бұған дейін де дәл осындай мәселе Сырым ауданының ұстаздарында көрініс тауып, іс сотқа дейін жетіп, нәтижесінде мұғалімдердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілген болатын. Аталған мектеп-интернаты мұғалімдерінің мәселесі бұған дейін облыстық білім және ғылым саласы қызметкерлерінің кәсіподағында қаралып, салалық кәсіподақ басшылығынан құқықтары бұзылған қызметкерлерге ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 29 маусымдағы №316 бұйрығы негізге алынып жауап берілген болатын. Сондай-ақ жауап хатында мұғалімдерге жеке еңбек дауларын қарау тәртібімен өз ұжымындағы Келісім комиссиясына жүгінуге құқылы екендері айтылып, Келісім комиссиясының шешімімен келіспеген, сондай-ақ ол орындалмаған жағдайда сотқа жүгінуге болатындығы көрсетілген. Дегенмен көтерілген мәселе аясында жасалған әрекеттер нәтижесіз аяқталған соң, ұстаздар кәсіподақтан жөн сұрап, қолдау көрсетуін сұрайды. БҚО «Заң клиникасы» кабинетінің мамандары: «Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ облыстық филиалының директоры, кәсіби медиатордың, облыстық кәсіподақтар орталығы мен облыстық білім және ғылым саласы қызметкерлері кәсіподағы заңгерлерінің және М.Өтемісов атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының заңгерінің қатысуымен кәсіподақ мүшелерінің өтініштері нормативтік құжаттар аясында жан-жақты зерделеніп, мұғалімдер құқықтарының бұзылғандығы расталып, көтерілген мәселе сотқа дейін жетпей шешімін тапты.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале