31.10.2023, 16:09
Оқылды: 57

Маусым сәтсіз аяқталды

Бірінші лига командалары арасындағя ел чемпионатының соңғы турын Семейде жергілікті "Елімай" командасына қарсы өткізген "Ақжайық" 2-1 есебімен жеңілді.

футбол (1)

Биылғы маусымда жеңіліп көрмеген семейлік ұжым "Премьер лига" жолдамасын чемпионат бітпей жатып шешіп қойған. Десе де жарысты жеңіліссіз өткізуді қалады. Сол себепті қиқулаған жанкүйері алдында намысқа басты. Нұрсұлтан Советқазы мен жапондық легионері Такя Мацунага оралдық футболшыларға еш мүмкіндік бермей, тықсырып бақты.

футбол (2)

Мұндай қысым төртінші минутта өз нәтижесін беріп, Павель Яковлев есеп ашты.

Осыдан соң оянған Игорь Прохницкий жігіттері жас ойыншы Роман Божконың көмегімен есепті теңестірді. Екінші таймда оралдық футболшылар тағы да "Елімай" ойыншыларының қысымында қалды. Нәтижесінде Бека Кавтарадзе "Елімайды" алға шығарды.

футбол (3)

Қатар өткен ойында "Академия Оңтүстік" ұжымын жеңген астаналық "Жеңіс" жоғары топқа берілер үшінші жолдама иегері атанды.
Ал "Ақжайық" ол мақсатын келесі маусымға қалдырды.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале