21.02.2025, 11:45
Оқылды: 278

Медальдар мен мерзімінен бұрын атақтар: Қорғаныс министрі UAE SWAT Challenge-2025 қатысушыларын марапаттады

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Біріккен Араб Әмірліктеріндегі арнайы мақсаттағы бөлімшелер жарыстарына алғаш рет қатысқан Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілерін құттықтады, деп жазады Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.

e0afa97410fa6c35e4de017ec78afe39_1280x720

 

Ол мұндай жарыс әскерилердің жауынгерлік қабілетін арттыруға, тәжірибе алмасуға және елдер арасындағы қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

415f55972b9490eca8cdb351adf4b8ae_1280x720

– Арнайы операциялар күштерінің "Жаубасар" командасы алғаш рет элиталық бөлімшелердің жарыстарына қатысты. Жарыс бағдарламасы арнайы полиция күштеріне арналған. Дегенмен, жақсы нәтиже көрсеттіңдер. Алда Иорданиядағы әскери арнайы мақсаттағы бөлімшелердің және Ұлыбританиядағы "Кембрий патрулі" жарыстары өтеді. Олардың нәтижелерінен сендердің кәсіби даярлықтарыңды көре аламыз, – деді генерал-полковник Р. Жақсылықов.

68d2b56fc2f72f9e8b10b4db1bfb6dd8_1280x720

Халықаралық жарыстардың қорытындысы бойынша ерекше көзге түскен әскери қызметшілер мерзімінен бұрын әскери атағын  алды. Сонымен қатар, бірқатар офицерлерге Қорғаныс министрі "Ел қорғаны" медалін, Арнайы операциялар күштерінің белгісін және алғыс хаттарды табыс етті.

82279b2a1c703403c8e7f8a4f7dbccc1_1280x720

f4a228e1fb6003c556acb56c133c4cb3_1280x720

Естеріңізге сала кетсек, Дубайда өткен UAE SWAT Challenge-2025 жарысы әлемнің 80-нен астам елінен 106 команданың басын қосты. Сайысқа еліміздің күш құрылымдарының 12 командасы қатысты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале