5.09.2025, 13:52
Оқылды: 81

Медицина мамандары тапшы

Биыл облыстың денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 98,0 млрд теңге бөлінген. Облыста 1 774 дәрігер және 6 513 орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Қазір бұл салада 180  маман тапшы. Қалаға 117, аудандарға 63 медицина маманы керек.

медицина жп аралтал (1)

– Кадр тапшылығын төмендету және мамандарды қызметке шақыру мақсатында медицна ұйымдарының басшылары жоғары оқу орындарының түлектерімен кездесулер өткізуде. Соның нәтижесінде былтыр 137 маман келсе, биыл 100 маман қызметке тұрды. Олардың тең жартысы ауылдық жерге жұмысқа жіберілді, – деді орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов.

Былтыр облыста 1,4 млрд теңгеге 15 медициналық нысан күрделі жөндеуден өткен. 2025 жылы 5 медициналық нысанды күрделі жөндеу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 2 жоба аяқталып, пайдалануға берілді. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын шеңберінде 2025 жылға дейін 46 мың ауыл тұрғынын қамтитын 50 алғашқы медициналық нысан салу жоспарланған. Былтыр 24-і пайдалануға беріліп, биыл 13-і аяқталды (1 нысан аяқталу сатысында).

Облыс әкімінің орынбасары медициналық жабдықтармен қамту мәселесіне тоқталды. 2024 жылы жергілікті бюджет есебінен облыстық стационарларқа 3,1 млрд теңгеге 405 меджабдық сатып алынған. 2025 жылы 5,7 млрд теңгеге 98 медициналық жабдық сатып алу жоспарланған.

2025 жылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде науқастарды амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 9,0 мдрд теңге (2024 жылы – 9,1 млрд теңге) және жергілікті бюджеттен 1,4 млрд теңге (2024 жылы 1,2 млрд теңге) қаражат бөлінді. Диспансерлік есепте тұрған пациенттерді амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қаматмасыз ету бойынша бюджет жиынтығы – 10,4 млрд теңге. Бүгінгі күні 125 223 науқас дәрі-дәрмекпен қамтылған. Биыл жалпы өлім-жітім 4.9%-ға төмендеген.

Ясипа РАБАЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале