8.08.2024, 17:45
Оқылды: 63

«Мейірімділік мекені»: Ұлттық жастар онкүндігінің бесінші күні мейірімділік пен қайырымдылыққа арнады

«Мейірімділік мекені» – ұлттық жастар онкүндігінің бесінші күні өтті.

Барлық өңірлерде волонтерлік пен қайырымдылық мәдениетіне баулу мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылды. Олар негізінен жалғызбасты зейнеткерлерге, көп балалы аз қамтылған отбасыларға, жетімдерге және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетуге бағытталған. Мейірімділік жасау күнінде үйсіз қалған жануарлар да ұмыт қалған жоқ. Бұл жөнінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

45B36156-68AA-4C4D-BB80-A9B2C1948B5F

Суреттер: министрліктен

Мысалы, жастар ресурстық орталықтары «Мектепке жол» акциясы аясында мұқтаж отбасылардың балаларына оқу құралдарын сатып алып, оларға алдағы оқу жылына дайындауға көмектесті.

FF8CC72C-4E90-42FA-8A67-6D0B2DA5DE59

Жалғызбасты қарт адамдардың үй жинап, оларға азық-түлік сатып алды. Жер үйде тұратындар үшін қысқа отын дайындалып, шатыры жөнделді.

Сондай-ақ жастар қайырымдылық жәрмеңкелері мен спорттық турнирлер ұйымдастырды.

305EBE60-3AC7-4037-AD89-CB296B8BFBA0

Мейірімділік күнінде алты мың жас қазақстандықтар игі іс жасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале