4.10.2023, 15:45
Оқылды: 43

Мейіржан Шермаханбет грек-рим күресінен Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Грек-рим стиліндегі қазақстандық палуан Мейіржан Шермаханбет Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды. Бұл туралы туризм және спорт министрлігі хабарлады.

c425694e-12d5-4d71-9c22-cae20d73b522

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда біздің отандасымыз тартысқа толы бәсекеде жапондық Катсуаки Эндодан есе жіберді.

Айта кету керек, бұл XIX жазғы Азия ойындарындағы Қазақстан құрамасының он бірінші күміс медалі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале