10.02.2023, 9:45
Оқылды: 853

Меккеге апарамын деп тұрғындарды сан соқтырған алаяқ ұсталды

Полицейлер Меккеге апарамын деп тұрғындарға 11 миллион теңге шығын келтірген жетісулық алаяқты ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

тенге

Сайрам аудандық полиция басқармасына қажы боламын деп алаяққа алданған жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ол 2022 жылдың қазан айында Меккеге кіші қажылыққа 10 күнге апарып келемін деген белгісіз біреуге сенген. Содан алаяқтың сөзіне иланып, оған ұшу билеті, қонақ үй мен тамақтану үшін жалпы 423 мың теңгесін берген. Бірақ уәде орындалмағандықтан, тұрғын полициядан көмек сұрайды.

Аталған жайт ҚР ҚК-ның 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды. Осы аралықта полицияға тағы бірнеше тұрғын шағым түсіреді. Ал сайрамдық тәжірибелі тәртіп сақшылары тұрғындарды алдап кеткен адамды анықтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізді. Жәбірленушілер ақша аударған есепшоттар тыңғылықты тексеріліп, куәлардан жауаптар алынды. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталды. Жедел уәкілдер оны Алматы қаласынан ұстап, полиция басқармасына жеткізді.

Ол Жетісу облысының тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай, күдікті Меккеге барғысы келген 30-дан астам сайрамдық тұрғындардың ақшасын алып, жәбірленушілерге 11 млн теңгеге жуық шығын келтірген.

Қазіргі таңда полиция күдіктінің жалпы 14 жайт алаяқтық дерегіне қатыстылығын анықтап, тергеу амалдарын жүргізуіп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале