«2022-2023 оқу жылында мектептерге қосымша екі оқу аптасы қосылды. Ол бір күн ішіндегі сабақтар санын қысқартуға, бес күндік оқу аптасын іске асыруға, күрделі тақырыптарды зерделеу қарқындылығын төмендетуге мүмкіндік береді.
Жазғы кезеңде каникул күндерінің санын қысқарту - құқық бұзушылықтарды азайту, білім алушылардың шамадан тыс жұмыс істеуі мен сырқаттану деңгейін төмендетуді көздейді», - делінген Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің бұйрығында.
Айта кетейік, бұл уақытқа дейін сарапшылар мен мектеп өкілдері оқу жылын маусым айының соңына дейін ұзартуды ұсынғанын хабарлаған едік.