ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы «Көкжиек-Горизонт» баспасымен бірлесіп ұйымдастырған «Үздік кітапханашы-2023» байқауының қорытындысы шығарылды.
ҚР Үкіметінің қаулысымен 24 қазан – Кітапханашы күні болып белгіленді.
Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, «Үздік кітапханашы - 2023» байқауына еліміздің мектептері мен колледждерінен 1300-ден астам кітапханашы қатысты. Байқау ғылыми және көркем әдебиетті сақтау, зерттеу және насихаттау бойынша озық тәжірибелерді анықтауға бағытталған.
Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Бірінші орын – Қостанай облысындағы мектептің кітапханашысы Римма Егороваға, екінші орын – Павлодар қаласындағы № 7 мектептің кітапханашысы Гүлжан Тукеноваға, үшінші – «TAMOS EDUCATION физика-математика мектебінің» кітапханашысына бұйырды.
Еске салайық, ҚР Үкіметінің қаулысымен 24 қазан – Кітапханашы күні болып белгіленген. Бүгінде мектеп кітапханашыларына педагог мәртебесін беру мәселесі қарастырылуда. Бұдан басқа, биыл Оқу -ағарту министрлігі жалпы білім беретін мекемелердегі 2165 кітапханашының біліктілігін арттыру курстарын өткізуді жоспарлауда.