20.01.2025, 17:15
Оқылды: 33

Мемлекет басшысы Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевты қабылдады

Мемлекет басшысына әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары, министрліктің «Әділ Қазақстан: құқықтық тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауын іске асыру аясындағы мақсаттары мен міндеттері туралы баяндалды. Бұл туралы  Қазақстан Рсепубликасы Президентінің ресми сайты хабарлады. 

kz8-4438-2

Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевқа нормашығармашылық қызметінің сапасын арттыру, заңдылықты қамтамасыз ету және әділ әрі қауіпсіз қоғамды қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы құқықтық жүйені қалыптастыру үдерісінде азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне басымдық берудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар тапсырма берді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале