31.01.2025, 9:19
Оқылды: 54

Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонның Рональд Рейган атындағы Ұлттық әуежайы маңында болған ұшақ апатынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты хабарлады.

IMG_4706

Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа, қайтыс болған жандардың отбасыларына және қайғылы оқиғадан зардап шеккен азаматтарға Қазақстан халқының және өзінің атынан көңіл айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале