Әскердегі қару-жарақтың дені – 30-50 жыл болған кеңес дәуіріндегі техника. Бұл туралы ҚР Президенті - Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен өткізген кеңесте айтты.
«Әскердегі қару-жарақтың дені – 30-50 жыл болған кеңес дәуіріндегі техника. Ескірген техникалардың мерзімінің өткеніне байланысты қару-жарақ паркін жаңарту үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет. Қарулы Күштер заманауи әрі жоғары технологиялық қару-жарақпен, әскери техникамен жабдықталуы тиіс. Қабылданатын шаралар жүйелі болуы керек. Қару-жарақ пен әскери техниканы жөндейтін, оларға қызмет көрсететін отандық өндірісті дамыту қажет», – деді Жоғарғы Бас қолбасшы.
Еске салсақ, Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
14:5918.05.2022
Ақтауда әскерден қашып кеткен сарбаз қалай жазаланады?
16:306.05.2022
Несиені тез жабудың 5 жолы. Экономист кеңесі
14:3023.04.2022
Германияда Украинаға қару-жарақ жеткізуге қарсы петиция басталды
15:109.04.2022
Әлихан Смайылов: өңір әкімдері азық-түлік бағасын жеткілікті бақылай алмай отыр
18.05.2022, 14:59
6.05.2022, 16:30
23.04.2022, 14:30