19.09.2024, 19:00
Оқылды: 57

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

Бүгін Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

3B34F4A3-C7CB-4ED7-9FE2-6F5544AE6655

Сурет: Ақорда

Берік Асылов:

• еліміздегі заңдылықтың сақталуы мен құқықтық тәртіптің жай-күйі, қадағалау органының басым бағыттардағы қызметі жөнінде мәлімет берді;

• инвестициялық жобаларды қолдау туралы баяндады:

– ел экономикасына 8,3 триллион теңге қаржы құйған 445 инвесторға құқықтық көмек көрсетілген;

– «Прокурорлық сүзгі» жобасы аясында мемлекеттік органдардың инвесторларға қарсы 500 шешімі бекітілген жоқ. Қабылданған шаралар инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыра түсуге мүмкіндік берген;

• активтерді қайтару жұмыстары туралы айтты:

– биыл прокуратура органдары жалпы құны 262 миллиард теңге, соның ішінде шетелден 205 миллион долларға бағаланған активтерді қайтарған;

– активтерді басқару компаниясына кәсіпорындардағы құны 82 миллиард теңге болатын мүлік пен үлестер берілген;

– жалпы сомасы 450 миллиард теңгеге тең активтерді қайтару туралы келісім мақұлданған;

• Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған заңсыз берілген және пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы алқаптарын қайтару жөніндегі тапсырмасы орындалып жатқанын жеткізді:

– соңғы 4 жылда мемлекетке 17 миллион гектар жер қайтарылып, айналымға енгізілген;

– жайылым тапшылығы 29 миллион гектардан 8 миллион гектарға дейін, яғни 4 есе қысқарған, жерге үлесі бар 11 мың адамның құқығы қорғалған;

• атышулы бірқатар қылмыстық істің тергелу барысынан хабардар етті;

• есірткі қылмысына қарсы күрестің жай-күйі жөнінде ақпарат берді:

– жыл басынан бері есірткі сатудың 1573 фактісі анықталған;

– 15 тоннадан астам есірткі тәркіленген, соның ішінде 1 тонна синтетикалық есірткі бар;

– 60-қа жуық есірткі зертханасы жойылып, 13 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылған.

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасында айқындалған «Заң және Тәртіп» бағдарын нығайту ісіне прокуратура органдарының күш-жігерін барынша жұмылдыруды, әсіресе, заңға қайшы кез келген әрекет үшін жазадан жалтаруға жол бермеуді тапсырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале